Білім саласы қызметкерлерінің Спартакиадасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 14 желтоқсан күні Yessenov University спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған Білім саласы қызметкерлерінің Спартакиадасы өтті.

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 14 желтоқсан күні Yessenov University спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған Білім саласы қызметкерлерінің Спартакиадасы өтті.
Спартакиада қатысушылары волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, суға жүзу бойынша сынға түсті. Спартакиадаға Маңғыстау облысының білім басқармасының құрама командасы, Ақтау қаласы колледждер құрамасы, Жаңаөзен қаласы колледждер құрамасы, Бейнеу ауданы колледждер құрамасы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім инновация лицейі, Мұнайлы ауданы білім бөлімі, Yessenov University және Интелектум элиталық мектеп лицейі болып 9 команда, 200 -ден астам білім саласы қызметкерлері қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша Yessenov University — 1 орын, Назарбаев Зияткерлік мектебі — 2 орын, Ақтау қаласы колледждер құрамасы — 3 орын иеленді. Жеңімпаздарды Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А. Сейдалиев және кәсіподақ ұйымының маманы А. Аманиязова кубок, медаль және диплом грамоталармен марапаттады.

Жеңімпаздарды Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А. Сейдалиев және кәсіподақ ұйымының маманы А. Аманиязова кубок, медаль және диплом грамоталармен марапаттады.

Келесі нені оқу керек: