07 Қазан 2019

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі ережелерін ашу» тақырыбында дәрістер

Yessenov University «Бизнес және Құқық» факультетінде студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі ережелерін ашу» тақырыбында іс-шара өткізілді. «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары, э.ғ.к., А.Б.Кизимбаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», А.К.Сагиндикова «Парасаттылық пен ізеттілік көшбасшылықтың негізі ретінде» тақырыптарында дәріс оқыды. Іс-шара барысында болашақ мамандарды көшбасшылықтың басты құндылығы ретінде әдептілікті насихаттау негізінде парасатты, рухани-адамгершілікті жоғары қоятын азамат етіп қалыптасуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және қоғамға қызмет ету саласында маңызды құзыреттері қарастырылды.