26 Қыркүйек 2019

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бару

Ақтау қаласы күні мерекесіне орай Yessenov Univeristy Жастар саясаты бөлімінің маманы Данияр Амангелдиев 1-курс студенттерімен бірге облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Экскурсия барысында студенттер Маңғыстау өңірінің тарихымен танысты. Олар үлкен қызығушылықпен музейдің сегіз залына барып, көптеген жаңа ақпарат алды. Әсіресе, Тарих залы мен Жаңа заман залы, сондай-ақ жуырда табылған ихтиозавр қаңқасы көпшілік назарын аударды.