13 Қыркүйек 2019

Ректор «Инжиниринг» факультеттің оқытушылар құрамымен кездесті

12-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов «Инжиниринг» факультеттің оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесу барысында факультеттің алдында тұрған мәселелер талқыланып, дуальды оқыту, компьютерлік бағдарламаларды жаңарту, өндіріс орындарында кафедралар филиалын құру, академиялық адалдық және Yessenov University-де инженерлік мамандықтар бойынша оқыту сапасын арттыру мәселелері көтерілді.