26 Қазан 2018

Public talk: Мақсат Сқақов

Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында #PublicTalk жобасы аясында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында қонағымыз студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Мақсат Нұрлыбекұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы әсер қалдырды.