Үрмелі аспаптар оркестрінің концерті

Yessenov University Атриум залында Николай Григорьевич Яковлевтың жетекшілігіндегі Ақтау гарнизонының үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында студенттердің моральдық-рухани құндылықтарын тәрбиелеу және дамыту мақсатында үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетуі бастамасын Теңіз академиясы ұйымдастырды.

Музыкалық топ соғыс жылдарындағы әскери шерулер мен әуендерді, классикалық туындыларды, қазақстандықтарға танымал халық әуендерін, сондай-ақ өз композицияларын орындады.

Үрмелі аспаптар оркестрі Yessenov University -де алғаш рет өнер көрсетті және де өз өнерлерімен студенттер мен қоса оқытушыларды да тәнті етті.