19 Қыркүйек 2019

«Парсы тілін үйрену және Иран мәдениетімен танысу» кабинетінің ашылуы

18-қыркүйек күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінде Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының қолдауымен «Парсы тілін үйрену және Иран мәдениетімен танысу» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көршілес Иран Ислам Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен дәстүрін университеттің білім алушыларына таныстырып, насихаттаумен қатар Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.
Салтанатты шараға қатысқан қонақтардың қатарында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатович Жұмашев, Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Хабиболла Малакути Фар мырза, Әзірбайжан Республикасының Бас консулы Меммедов Елмар Рехим оглы, Түркия Республикасының Бас консулы Korhan Kungeru, Түркменістан Республикасының Бас консулы Овезов Мухамметнур Мухамметбердиевич және Өзбекістан Республикасының Бас консулы Нодиржон Тургунов болды. Шара барысында сөз алған Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Иран Ислам Республикасының Бас консулдығына және шақырылған қонақтарға өзінің шексіз алғысын білдірді.