Yessenov University-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өткізілді.  Шараға Union студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және университет қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.