Ақтау қаласына іс-сапарға келген Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза бастаған Франция елінен келген делегация Есенов Университетінде болды. Yessenov University ректоры Берік Бахытжанұлы Ахметов Франция елінен келген делегацияны  жылы лебізбен қарсы алып, екі  елдің арасындағы ынтымақтастықтың  және екі елдің жоғары оқу орындары  арасындағы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық  түйіндерін анықтау  мақсатында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел барысында келген қонақтар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі және Францияның сыртқы істер Министрлігінің арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып жатқан  «Абай-Верн» бағдарламасы туралы және білім және ғылым саласындағы оқу гранттары туралы, сонымен француз тілі орталықтарын ашу туралы ойларымен бөлісті. Одан әрі, француздық  делегация «теңіз оқу-жаттықтыру орталығы» жұмысымен танысып, ой бөлісті. Келешекте екі елдің арасында ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық әрі қарай жалғасын табады деген сенімдеміз.