18 Наурыз 2019

Эстония университетімен ынтымақтастық

Yessenov University-де екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында іс-сапармен келген Таллин технология университетінің (Эстония) делегация мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Yessenov University ректоры Б.Б.Ахметов білім және ғылым, мәдени кеңістікте Таллин технология университетімен (Эстония) ынтымақтастықты одан әрі көркейте түсуге және оны барынша дамытуға сенім білдірді. Екі ел арасындағы келіссөздерден кейін академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға сенім білдірді.
Университет арасындағы орнатылған сенім мен келісімдерді одан әрі нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды, онда білім беру және ғылым саласындағы өзара байланыстың негізгі бағыттары мен нысандары анықталды.