«Педагогика және психология» мамандығының студенттері «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына» арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге Ауған  соғысының ардагерлері Ырысбаев Дәрібай,  Раушанов Ходжанепес, Үмбетов Серік, Бердімұрат Тайболатов құрметті қонақ ретінде шақырылды.  Кездесуге университеттің «Инженерлік», «Базалық»  факультеттерінің студенттері қатысып сұрақтар қойды. Ауған соғысының тарихы туралы,  ардагер ағаларымыздың жанкешті ерліктері туралы өз ауыздарынан естіп,  ашық  әңгімелесіп,  сұхбаттасты.

Кездесудің негізгі мақсаты : Жастарға патриоттық рухы жоғары,  қайсар жауынгер ағаларының  ерліктерін үлгі ету; Отанның, тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру.