Ақын. Жазушы. Ғалым

Yessenov University  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ХХ-ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің дамуына, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқан тұлғалардың бірі, көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты драматург,  жазушы әрі  ғалым, Әбділда Тәжібаевтің 110 жылдығына арналған «Ақын. Жазушы. Ғалым»  атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияға Yessenov University  профессорлық- оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар қатынасты.

«Қазақ филологиясы» кафедрасының әдебиетші, тілші ғалымдары А.Н.Отарова, Ә.Д.Қабылов, Ә.Т.Жеткізгенова, Б.А.Қарымсақовалар  Әбділда Тәжібаевтың өмір жолы, ақындық әлемі, жалпы шығармашылығы, ғалымдық қыры,  ұлт руханиятындағы орны туралы жан-жақты  мағлұматқа толы құнды баяндамалар жасап, ойларымен бөлісті.

Конференцияда қаламгер  өмірінен бейнебаян көрсетіліп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері шығармаларын жатқа оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Әбділда Тәжібаевтің өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, рухани,  ұлттық құндылықтарды  насихаттау мақсатын ұстанған конференция нәтижелі өтті.

Ғылым және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Иманбайұлы Иманбаев, кафедра меңгерушісі А.Н.Отарова  конференция жұмысын қорытындылап, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.