ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының іс-сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков жұмыс сапарымен Yessenov University-ге келді. Университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Мәжіліс депутатын оқу орнының қызметі, стратегиялық даму жоспары, оқу базасы мен оқу бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар Нұрлан Орынбасарұлына Yessenov University қабылдау комиссиясының белсенді студенттерінің жұмыстары көрсетілді.