Тайыров Берекет

Тайыров Берекет

Арды ақшаға сатқаның, батпаққа белден батқаның!

Сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.

Мемлекеттік қызметкердің, қарапайым халықтың, жұмысшылардың атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ  екенін түсінгені абзал.