Дипломатиялық клуб

Құрметті студенттер мен әріптестер!

Сіздерді Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының жанындағы Студенттер дипломатиялық клубының бірінші іс-шарасына қатысуға шақырамыз. Дипломатиялық клуб — бұл дипломатиялық қабілеттерді, дипломатиялық шараларды ұйымдастырып үйрену платформасы. Студенттер осы клубқа мүше болуға шақырылады.

Ертеңгі іс-шара дипломатияның әлемдік саясаттағы рөлін, дипломатиялық кәсіптердің маңыздылығын білуге ​​арналған. Қонақ спикер Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің белсенді өкілі, Иран Ислам Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Хабиболла Малакутифар.

Уақыты: 10.02.2022, 15.00-17.00
Өтетін орны: Университет атриумы