БАУЫРЛАС ХАЛЫҚТАРМЕН БАЙЛАНЫС КҮШЕЙДІ

Yessenov University Президенті Ахметов Б. Б.  Ақтау қаласында жаңадан тағайындалған Түркия Бас консулы Сабри Альптекин мырзамен кездесті. Екі тарап болашақта ғылым-білім саласындағы байланысты дамыту жөнінде талқылады. Сондай-ақ, осы бағытта кеше Ақтау қаласындағы Әзірбайжан елшілігінің бас консулы Элчин Маммадовпен де кездескен болатын.

 

Бүгінгі таңда Әзірбайжанның Баку мемлекеттік университетімен «Халықаралық қатынастар» және Әзірбайжан мемлекеттік Теңіз академиясымен  «Кеме жүргізу» мамандықтарымен екі қосдипломды білім бағдарламала іске асырылады. Э. Б. Мамедовке университет қабырғасында орналасқан Әзірбайжан орталығын таныстырды.

 

Сондай-ақ, Түркия республикасының елшісі Сабри Альптекин де осындай түрік орталығын ашуды ұсынды. Қазіргі кезде университет Түркияның 20-ға жуық ЖОО-мен байланыс орнатқан. Университетке Түркиядан шақыртылған аға оқытушы Мехмет Каваклы түрік тілін студенттерімізге, қызметкерлерге  қазақ тілінде түсіндіріп, үйретуде.