28 сәуір күні «Экономика және құқық» факультетінде «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заңды білу қазіргі заман талабы» атты интеллектуалдық ойыны өтті.
Аталған интеллектуалдық ойынға факультет студенттері арасынан әр мамандықтан қатысып, жарысқа түсті. Ойын үш кезеңнен тұрды: 1 – Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2 – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, 3 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы.
Әрбір қатысушы өз білімдерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналды.
Әділ-қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, әрбір студент өзіндік ерекшелігімен көзге түсті. Ойынның нәтижесі бойынша:
І орын – Бисенбаев Адилбек, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-курс студенті;
ІІ орын – Қуатова Қазына, «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті;
ІІІ орын – Абу Есболат, «Құқықтану» мамандығының 2-курс студент иеленді.