«Yessenov Fest 2022» фестивалі аясында биыл алғашқы рет YU Chess Cup 2022 шахмат турнирі өткізілді.
Турнир республика бойынша және өңірімізде шахмат ойынын дамыту, интеллектуалдық қабілетті арттыру және қатысушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Рейтингтік турнир есебінде өтетін шахмат ойынына 9-11 сынып оқушылары, колледж, университет студенттері, магистранттары қатыса алады. Турнир швейцариялық үлгіде 7 турдан ФИДЕ ережелері бойынша Swiss Manager бағдарламасы арқылы өткізілді.
Турнирге 60 қатысушы Семей, Алматы, Шымкент, Павлодар, Түркістан, Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко және Бейнеуден келген. 1,2,3 -орын алған жеңімпаздарға тиісінше 200 000 тг, 150 000 тг, 100 000 тг ақшалай сыйақы табысталды.
Шараны барысына, өткізілуіне жауапты «Дебют» шахмат мектебіне алғыс айтамыз!