Қазақстан-Үндістан: мәдениеттер диалогы

19 мамыр күні Yessenov University-де «Қазақстан-Үндістан: мәдениеттер диалогы» тақырыбында кітаптар мен мерзімді басылымдардың презентациясы өтті.

Презентация «Маңғыстау Этносферасы» тақырыптық циклі аясында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – үнді мәдениеті мен тарихына арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардың тұсаукесерін өткізу және университет кітапханасына табыстау.

Іс-шараға Yessenov University басшылығы, «Салем-Намасте» үнді этномәдени бірлестігінің Басшылары, ҚР-дағы Үндістан елшілігінің және Облыстық ЭМБ-нің өкілдері, Yessenov University оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу соңында Yessenov University кітапханасына 100 кітапты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.