4 мамыр күні Yessenov University ұжымы «Жеңіс күні» мерекесі алдында Ұлы Отан соғысының ардагері Асан Аймағамбетовке құрмет көрсету мақсатында құттықтады.
Асан Аймағамбетов соғысқа 17 жасында 1942 жылы шақырылды. Молдавияны, Польшаны босату үшін шайқасқа қатысып, Берлинге дейін жетті. Әскери операциялар үшін ІІ дәрежелі «Даңқ ордені», І дәрежелі «Отан соғысы», «Берлинді алғаны үшін» медалімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Иосифа Сталиннің алғыс хатымен және басқа көптеген марапаттармен марапатталды.
Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтау барысында университет ректоры Берік Ахметов оған мықты денсаулық тілеп, сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде ардагер ата университет ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс тілегін айтты.