Yessenov University студенттері Республикалық пәндік олимпиадасының жүлделі орындарына ие болды

12-13 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Бас Сәулет- Құрылыс Академиясында Қазақстанның барлық  жоғары оқу орындарынан 27 команда қатысқан Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.

Yessenov University атынан «Құрылыс» мамандығының 3 – курс студенттері Джума  Сайда,  Қалдыбай Аблайхан және Шамшеденов  Нұрбек   қатысып, жоғары білімі мен біліктілігін көрсетті.

Олимпиада қортындысы бойынша Джума  Сайда және  Қалдыбай Аблайхан  3 – дәрежелі дипломға ие болды.

Студенттердің ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент  Рашит Бржанов.