Yessenov University бас ғимаратының алдында Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Шараға университет басшылығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары, профессорлық-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен студенттер қатысты.
Университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов шараға қатысушыларды Білім күнімен құттықтап, университеттің басты мақсаттары жөнінде қысқаша мілімдеді. Студенттерге жаңа оқу жылында білім алу жолында аянбай еңбек етуіне шақырып, олардың болашақта Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосатынына үлкен сенім білдірді. Өз сөзінің соңында Білім және Ғылым Министрінің атынан құрмет грамотасымен университет оқытушыларын марапаттады.
Шара университет студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.