Yessenov University мен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті арасындағы ынтымақтастық пен іскерлік байланыс орнатылуына байланысты университет базасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды.
Аталған мектептің мақсаты – мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге жоғары білікті, талантты, белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту, студенттерді мемлекеттік қызметке алдын ала бейімдеу болып табылады.
Мектептің іс-шаралар жоспарына сәйкес 13 желтоқсан күні департаменттің өкілдері мен «Бизнес және құқық» факультетінің 4-курс білім алушылары арасында кездесу өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.К.Жұмабай «Мемлекеттік қызмет мектебінің» кезекті айналымына шақырып, студенттерге көрсетілген мүмкіндіктермен таныстырды.