14-17 сәуір аралығында Ғылым және даму жөніндегі вице-президент Т.С.Иманқұлов, «Туризм және тілдер» факультетінің деканы А.Т.Тургалеева, «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының меңгерушісі Э.
Жазғы мектеп аяқталғаннан кейін оқушылар 30 ECTS меңгергендіктерін растайтын халықаралық сертификат алады. Келісім аясында жыл сайын Анталияда Есенов университетінің студенттерін оқыту жоспарланып отыр.
Бұл бағдарлама «Туризм» және «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге әлемді көруге, жаңа құзыреттіліктерге үйренуге, өздерін дәлелдеуге және өз мансаптарын Rixos қонақ үйлерінде бастауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бағдарлама түркі елінің тарапынан қаржыландырылатын болады.