Yessenov University және «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күніне орай ғылыми-сараптамалық топпен бірге студенттер арасында «Толеранттылық – бұл менің таңдауым» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Жанаман Қыдырғалиұлы Бақтөреев студент жастар алдында дәріс өткізіп, Халықаралық толеранттылықтың тарихы мен маңызы туралы жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн әртүрлі мәдениеттер мен адамдар арасында толеранттылықты қалыптастыруға бағытталғандығын атап өтті.