Жұмыс берушілермен дөңгелек үстел

15 қараша күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының білім беру бағдарламаларын заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау мақсатында, жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын (БББ) талқылау және сараптауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «6В04201- Құқықтану», «6В04203- Құқық қорғау органдары», «6В04202-IT Құқық», «6В04204-Теңіз құқығы»  білім беру бағдарламалары таныстырылып, жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстар мен тілектер және өзгертулер мен қосымшалар айтылды. Жұмыс берушілер тарапынан осындай бірлескен жұмыстың қажеттілігі және нәтижелі болатындығы атап көрсетілді.