Тимуджин Диш мырзамен кездесу

25 наурыз күні Yessenov University-де Түркия мемлекетіндегі Rixos қонақ үйлерінің адами ресурс басшысы Тимуджин Диш мырзамен кездесу өтті. 

Кездесу барысында  «Мейрамхана ісі және қонақ үй шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша  екі дипломдық бағдарламаны жасақтау мәселелері талқыланып, Түркияның «Antalya Bilim University» атты жоғары оқу орынымен серіктестік орнатылатындығы айтылды. 

Осы жоба аясында Қазақстан бойынша 200 дарынды студентке Rixos қонақ үйінің қаржыландыруымен Түркия мемлекетінде тегін білім алу мүмкіндігі беріледі деп жоспарлануда.