Баспасөз қызметі

Tag

Yessenov University-де “Cisco” компьютерлік зертханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Тумышев Нури Лазарұлы, университет басшылығы, қызметкерлер және студенттер қатысты.  Зертхана «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арнайы жабдықталған. студенттер арнайы курсты өткен соң “Cisco” халықаралық сертификаттарын иемдене алады. Cisco – жоғары технологиялар саласында маманданған әлемдегі ең...
Read More
Yessenov University-де университетіміздің мәртебесін асқақтатқан студенттерімізді ұлықтау рәсімі өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылары және студенттер қатысты. Жиын барысында университет басшысы Берік Ахметов сөз алып, университетіміздің мәртебесін асқақтатып жүрген студенттерімізді құттықтады. Есіңізге сала кетейік, біздің студенттеріміз жақында ғана өткен футзалдан Ұлттық студенттік лигада 2-орын иемденді және бокстан Маңғыстау облысы құрамасы сапында Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.  
Read More
Yessenov University-де 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты салтанатты шарасы өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылары және студенттер қатысты. Жиын барысында университет басшысы Берік Ахметов сөз алып, шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Берік Бақытжанұлы Ақтау қаласының 55-жылдығы медалімен университет қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шара студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Read More
Yessenov University-де  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізді. Сыртқы сараптама комиссиясының ұсынысын жүзеге асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аккредиттеуден кейінгі мониторинг аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы 2016 жылы аккредиттеуден өткен сәттен бастап атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.    
Read More
Renaissance қонақ үйінде «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауы өтті. Конкурсқа күрделі іріктеуден және кастингтен өткен 120-дан астам сұлу анықталды, соның ішінен 20 қатысушы іріктеуден өтіп, байқаудың финалында кездесті. Қазылар алқасының шешімімен «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы болып YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясының 2-курс студенті Динара Сарыева атанды. Динара Сарыеваны шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!!!  
Read More
Yessenov University  «Бизнес және құқық» факультетінде «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесі және Адалдық дүкенін  ашу салтанаты өтті. Бұл шаралар  аясында білім беру жүйесінде жастар арасындағы  сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. «Адалдық дүкенін» ашу студент жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу мақсатын көздейді. «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесінің...
Read More
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Yessenov University -де Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)жүргізген аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша сараптамалық топ жұмыс істей бастайды. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша) АРТА сыртқы сараптама комиссиясымен бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізіледі.
Read More
“Қаржы” кафедрасының “Есеп және аудит” мамандығының студенттері арасында «Нашақорлықпен күресу жолдары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы және өз болашағына сеніммен қарау.
Read More
12 желтоқсан күні сағат 15:00-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Экономика ғылымдарының кандидаты, “Catkaz Limited”компаниясының бас директоры Мендеш Салиховпен  кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!    
Read More
Yessenov University барлық кафедраларында “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шаралар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында өтуде. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және осы мәселеге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Read More
1 22 23 24 25 26 62