5 наурыз күні «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік дәуірі – егемен ел шежіресі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, партия ардагері, белгілі журналист Есберген Іңірбаев, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің тарихи ой-толғауына арналған бұл конференцияда партия ардагері Есберген Іңірбаев Елбасының егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерін толық қамтыған «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын жаңа кітабы турасында айтып, ширек ғасыр ішінде іргетасы қаланған мемлекеттің арғы-бергі тарихын танып-білуде құнды еңбек екендігіне жан-жақты тоқталды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, доцент Ақмарал Отарова «Тәуелсіздік дәуірі» – тарих тағылымы», «Физика» мамандығының магистранты, оқу озаты Бауыржан Демегенов «Тәуелсіз елдің ұландарымыз!» тақырыптарында баяндамаларын оқып, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы турасында өз ойларын ортаға салды.