Yessenov University-де басталған «Мейірімділік жолы» әлеуметтік жобасының аясында студент-еріктілер тобының мүшелері көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға үйде көмек көрсету жұмыстарын бастады.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің қызметкерлері бастап жоба үйлестірушісі Ирина Бисингалиева мен студент-еріктілер тобының мүшелері Жалғасбаева Салтанат, Бүркітова Нұрболған, Бекжанова Гүлден, Касумова Арзу, Тувакова Валентина және Измуханова Аймира Николаева Алла Александровнаның және Самсоновтар отбасына барып, олардың жағдайларымен танысып, қолғабыс көрсетті.
Өз кезегінде қарттарымыз аса ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің жалғасын табатынына үміт білдірді.