Студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

«Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған  университет студенттері арасында үстел теннисінен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастырумен  жарыс өтті.

Жарысқа университетіміздің барлық факультеттерінен 30-ға жуық студенттер қатысты.

Жарыстың қортындысы бойынша төмендегідей орындар белгілі болды:

Қыздар арасында:

1-орын Өсербаева Жазира, ФКС-16-1

2-орын Оңдабаева Динара, ФКС-15-1

3-орын Тұрланова Саяжан, ФКС-15-1

Ұлдар арасында:

1-орын Сапартлеу Ернар, МТТ-16-1

2-орын Кенесариев Әлібек, ЮП-17-3

3-орын Жұмахан Ербол. ФКС-17-3