Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған 18 кітаптың ішінде «Тіл біліміне кіріспе» кітабы, (Оқулық авторлары – Виктория Фромкин, Роберт Родман және Нина Хайамс) «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» (Оқулық авторы – Светлана Тер-Минасова) оқулықтарын мамандық студенттеріне кеңінен таныстыру болып өтті.
Баяндамашы кафедра меңгерушісі А.Н.Отарова бұл еңбектердің білімалушылардың маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болып отыруына, жаһандық өзгерістерді, әлемдік экономика мен әлеуметтік саланың дамуын терең ұғынуға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге жол ашатындығына жан-жақты тоқталды. Оқулықты кәсіби қазақ тілі, орыс және қазақ тілдері пәндерінің тілге, мәдениетке, тарихқа қатысты кейбір тақырыптарына сәйкес мәліметтер іздеуде кеңінен пайдалануға болатындығы жөнінде мағлұматтар берілді.