Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің «Менеджмент» және «Құқықтану» кафедраларының ұйымдастыруымен «Экономика, басқару және юриспруденциядағы технология мен жасақтау форсайты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Пленарлық отырыста: Бахытжанова Гүлажар Қоянбаевна – Маңғыстау облыстық сотының судьясы, Бейсенов Рақымжан Сейшұлы – Ақтау қаласы №2 соты төрағасы, Каюпов Алибек Амангельдиевич – Жағалау күзеті аймақтық басқарма бастығы, Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы – МО бойынша жастар саясаты басқармасы басшысы, Мамаева Айгуль Сатвалдыевна – «Фридом Финанс» АҚ бас инвестициалық кеңесшісі, Сыдық Берік – «Фридом Финанс» АҚ бас инвестициалық кеңесшісі, сөз сөйледі. Секциялық отырыстар барысында магистранттар, студенттер, жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары баяндама жасады.