«Туризм және тілдер» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен 12.02. 2021 ж. күні сағат 15.00 аталған факультеттің студенттерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары» Мырзағали Қуаныш Бүркітұлымен онлайн кездесу өтті.
Қуаныш Бүркітұлы саралы да, саналы ақыл-кеңестерін айтып өзінің ойымен бөлісті. Студенттерге жемқорлыққа қатысты барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар жасау керектігін және мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көптеген жоспарлымен бөлісті.Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.Қоғамда жемқорлыққа қатысты қалыптасқан қағидаларды, ойларды барша қоғам болып өзгерте алатынымызға сенімдіміз. Ұлағатты ұрпақ- ел болашағы.