9 сәуір күні Yessenov University бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында оларды жұмыс орындарына бөлу шарасы өткізілді. Шараға Маңғыстау облыстық білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысты.
Түлектер сұраныс түскен мекемелерге алдын-ала жұмысқа бөлініп, сонымен бірге, олардың баспана мәселелері де қарастырылды.
Осындай шараны ұйымдастырған университет басшылығына мекеме өкілдері алғысын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.