жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін талапкерлердің сапалы қабылдауын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесін дайындау және іс жүзінде орындау;
университетте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
талапкерлерден құжаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және оқуға түсу сынақтарын ұйымдастыру;
оқуға түсушілерге және олардың ата-аналарына қабылдау ережелері мен білім беру қызметтерінің мазмұны бойынша тұрақты түрде кеңес беру;
қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процессін басқаруды автоматтандыру үшін бағдарламалық кешендерді енгізу және сүйемелдеу;
автоматтандырылған ақпараттық жүйеде талапкерлер базасын толтыру бойынша жұмысын іске асыру;
қабылданған студенттердің сандық және сапалық сипаттамаларын көрсететін мәліметтер базасын құру, деректердің аналитикалық өңделуін жүргізу, есеп беру мәліметтерін қалыптастыру және статистикалық есеп беру;
порталдың электрондық оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы толықтырылуын бақылау;
порталдағы электрондық оқу-әдістемелік кешендердің барлық құрылымдық бөлімдерінің болуын бақылау;
мамандық дистрибутивтерін қалыптастыру және жазу;
университет қызметкерлерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жұмыс жасау мәселелері бойынша оқудан өтуін ұйымдастыру;
қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша қолданылатын жергілікті желілер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің сүйемелдеуіне қатысу;
қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша бағдарламалармен жұмыс жасаудың нұсқаулығын дайындау, қажетті техникалық құжатнаманы рәсімдеу;
енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу.