ОҚЫТУШЫЛАРҒА 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 

23 желтоқсанда Yessenov University профессор-оқытушылар құрамына Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Н. Т. Мұқатаймен жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында Нұргүл Тұрлыбайқызы қызметкерлерді 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен таныстырып талқылау жасады. Жиын соңында оқытушылар сұрақ қойып тұшымды жауаптарын алды.