Бүгін, 24 мамыр күні Yessenov University-де «Нұр-Шах» сән үйінің негізін қалаушысы және диреторы, Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы сән дизайнерлер одағының президенті Нұржамал Нұрпейсованың қатысуымен Public talk өтті.
Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және профессорлық – оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды әрі көңілді жауаптар қайтарған Нұржамал ханым кездесу барысында өнегелі әңгімелерімен де бөлісті.
Сонымен қатар Нұржамал ханым өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы көңіл – күй сыйлады.