6 сәуір күні «Мұнай газ ісі және Геология» кафедрасының ұстаздар құрамы мен студенттері «Геологтар күнін» атап өтті. Мерекелік шараға өңіріміздің ардагер геологтары мен «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша университетіміздің түлектері, Ақтау қаласының № 16 орта мектебінің 11-сынып оқушылары шақыртылды. Арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, құттықтап, жастарға өздерінің еңбек жолы туралы әңгімеледі.
Кеш соңында үздік оқып, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттер марапатталды.