Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Ысқақова Бақытгүл Дәуітбекқызының және Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының бастығы Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы қатысқан «Латын графикалы қазақ жазуының жаңа емлесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулетова Б.И. модератор болды. Шараға Yessenov University оқытушылары мен студенттері, Ақтау қаласындағы түрлі сала мамандары қатысты. Ысқақова Бақытгүл Дәуітбекқызы жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу жұмыстарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шараларды баяндап, жаңа емледегі жаңалықтарға ғылыми түсінік берді.
Төлеуғалиева Г. Б. жаңа әліпбиге көшумен байланысты облысымызда жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты және 2018 жылдың 14-қарашасында Республикалық деңгейде өткізілетін жалпыхалықтық диктантқа дайындық мәселесіне тоқталған болатын.