Yessenov University-де университет басшылығы “Energy on Track” компаниясының бас директоры — профессор Зигфрид Лэдноргпен, сарапшы Ж. Байдулламен және “Group Independent” ЖШС-нiң директоры Г. А. Абитовамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, Yessenov University базасында баламалы энергетика орталығын ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Болашақта орталықта энергетика саласында білікті мамандар даярлау және Қазақстанда жаңартылатын энергетика мен экотехнологияларды танымал ету, инфрақұрылымды дамыту, шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту міндеттерін кешенді шешу үшін бірегей бизнес-платформа құру жоспарлануда. Орталық алаңында оқу іс-шараларынан басқа баламалы энергетикалық технологияларды дамытуға бағытталған конференциялар, семинарлар, халықаралық деңгейдегі кеңестер ұйымдастыру көзделеді.