ИНКЛЮЗИЯ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Жыл басынан бері Білім беру факультеті жанынан Р.А. Бекманованың жетекшілігімен психологиялық көмек қызметі жанынан «Жоғары мектепте мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған Инклюзия орталығы» құрылды. Студенттермен танысу үшін жастардың оқу үдерісіндегі қарым-қатынас пен бейімділікке топтасу, кедергісіз болу мақсатында кездесу және психологиялық интенсив өтті. Студенттер психологиялық жаттығуларға, әңгімелесуге, әлеуметтанулық сауалнамаға және ЖОО және болашақ мамандық жағдайында оқыту бойынша сұхбаттарға белсенді қатысты.