Форсайт-мектебінің ашылуы

19 қыркүйек күні Yessenov University-де “Менің мамандығым – менің болашағым” жобасы аясында форсайт-мектептің ашылуы өтті. 

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (онлайн-форматта), Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев, университет басшылығы, әдіснама әзірлеушілері және мектептің өңірлік командасы қатысты.  

Yessenov University Маңғыстау облысын кадрлық қамтамасыз етудің озық өңірлік стандартын әзірлейтін жергілікті жобалық кеңсе ретінде айқындалған. Жоба ҚР Үкіметі бекіткен 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген.