Экология министрінің іс-сапары

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Yessenov University-ге ҚР жаңа экологиялық кодексін талқылау және түсіндіру мақсатында ресми сапармен келді.

Сапар барысында министр университеттің даму стратегиясымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Yessenov University қабырғасында министр Мағзұм Маратұлының төрағалығымен Маңғыстау облысының әкімі Трумов Серікбай Өтелгенұлының және Маңғыстау облысының жер қойнауын пайдаланушылар компаниясының бас директорларының қатысуымен отырыс өтті.

Отырыс барысында қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері мен ең озық қолжетімді технологияларды енгізу тәсілдері талқыланды.