Пәннің мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын ғылыми ізденістің негіздерін тереңдете оқыту.
Пәннің міндеті “Ғылыми зерттеудің иновациялық әдістері”пәні жұмысқа қабілетті мамандардың жоғары жалпы ғылыми және кәсіби дайындығын қамтамасыз етуге негізделген; магистранттарды ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына талдау жасауға, жалпы инженерлік, химико-технологиялық және арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету.
Пәннің қысқаша мазмұны: курс магистранттарды ғылыми жұмыстарды жоспарлау кезіндегі негізгі алғы шарттармен таныстыруға арналған.
Курс соңында студент:
– ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми зерттеу әдістерін таңдайды
– ғылыми зерттеудің инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу үшін өз білімдерін қолданады, ғылыми-техникалық құжаттаманы талдайды және жүйелейді,
– ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды,
– өз көзқарасын талап етеді, өзекті зерттелетін тақырып бойынша мәселені шешуде оппоненттерді сендіреді.