B24.036

Мұнайгаз құбырларын пайдалану кезіндегі қиындықтар және аварияның алдын алу

Course ID
B24.036
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: ақауларды тану әдістерімен байланысты негізгі технологиялық процестерді және оларды жоюда жедел шешімдерді әзірлеуді үйрету. Пән құбырлардың ұзақ мерзімділігін есептеу, ақаулы құбырларды жөндеу тәсілдері, магистральды құбырлардың техникалық жағдайы бойынша білімді қалыптастырады. Қысқаша мазмұны: құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін анықтайтын негізгі факторлар; құбырлардың техникалық жай-күйі параметрлерінің өзгеруінің маңызды заңдылықтарын қамтиды.

Оқыту нәтижелері

құбыр көлігі объектілеріндегі авариялық жағдайлардың салдарын жояды; объектіге әсер ететін әр түрлі жағдайларға байланысты құбыржол көлігі объектілерін пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдерді бағалайды; пайдаланудың қауіпсіз параметрлерін есептеу әдістерін таңдайды және қолданады; құбыржолдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін талдайды, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесінің қағидаттарын пайдаланады; мұнай мен газды тасымалдау процесінде экономикалық залалдың алдын алу, сондай-ақ өндірістік қызметтің сапасын жобалау қызметінің нормативтері мен жұмыс жобаларын жасау дағдыларын басқару туралы шешім қабылдау кезінде өз пікірін ұстанады.