B24.014

Ұңғы өнімін жинау және дайындау

Course ID
B24.014
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты: ұңғымалық өнімді жинау, дайындау процесінің физикалық негіздерінің білімімен қамтамасыз ету; мұнай кәсіпшілігі жабдықтарында болып жатқан процестердің мәнін ашу. Пән ұңғымалық өнімді жинау және дайындау процестері туралы ғылыми негіздерді, ұғымдарды және түсініктерді қалыптастырады. Қысқаша мазмұны: қойылатын талаптарға сәйкес өнімді жинау мен дайындауды қамтамасыз ететін технологиялар мен техникалық құралдарды оқуға бағытталған.

Оқыту нәтижелері

тауарлық шикізатты алу мақсатында мұнай мен газды жинау және дайындау, мұнай мен газды сепарациялау, мұнай эмульсияларын бұзу және сарқынды суларды тазарту саласында физика-математикалық, экономикалық тұжырымдарды, жылу техникасының, термодинамиканың және электротехниканың заңдары мен есептеу принциптерін пайдалана отырып, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды сақтай отырып, білімдерін көрсетеді