Оқытудың мақсаты: геометрияның негізгі идеялары мен фактілерін, оларды алу әдістерін және оларды қолдану мүмкіндіктерін жүйелі зерттеу, студенттердің логикалық ойлауын дамыту, қарапайым геометриялық ұғымдарды анықтауда, бақылау негізінде қорытындыларды құрастыруда қарапайым дағдыларды, негізгі геометриялық құралдардың көмегімен тұрғызу есептерін орындауда икемділіктер мен дағдыларды, геометриялық шамаларды өлшеу және құрастырудың рационалды тәсілдерін қалыптастыру.
геометрияның негізгі теоремаларын, аксиомаларын түсіндіреді; геометрияның теоремаларын қолданады; геометриялық есептерді шығаруда тиімді әдістерді анықтау үшін әртүрлі тәсілдерді талдайды; оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлайды; мектеп геометрия курсындағы негізгі түсініктерді сипаттайды.