Yessenov University-де барлық мамандықтар үшін кәсіпкерлік оқыту курсы енгізілген. Осы курс шеңберінде білім алушылар кәсіпкерлікті бастау үшін қажетті білім мен дағдыларды алады. Курс аясында бірінші курс студенттерінің командада жұмыс істеу және жобаны әзірлеу, жарнамалау, инвесторларға ұсыну қабілетін арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде бизнес челлендж ұйымдастырылды.
Командалардың шарттары-пайда алуға бағытталған кез-келген идеяны, шексіз бастапқы капиталды ұсыну және оның шынайылығы мен бизнес креативтілігін пайдалануды ақтау шартымен; әлеуетті клиент үшін ұсыныстар жасау; адалдық; ашықтық; орасан зор нәтижеге бағытталу және оған қысқа презентациялық бейнеролик дайындау. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.