3 мамыр күні «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану – ғылыми білім беру сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» Қазақстан Республикасының физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Форумда Yessenov University ректоры Берік Ахметов «Білім беру бағдарламаларын жасақтаудың жаңа көзқарасы және 3.0 жаңғырту шеңберінде мамандарды даярлау» тақырыбымен баяндама жасады.